Жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің орташа құны – 178 теңге.
Биыл жанар-жағармай бағасы жиын-терім науқаны кезінде қымбаттады. Әсіресе, көлік иелері дизель отынын таппай, әуре-сарсаңға түсті, – деп жазады kolesa.kz.
Күзде жанармай бағасын 230 теңгеге дейін көтерді. Ал қысқы дизель Royal Petrol мен Petrol Asia-да 370 теңгеден саудаланып жатыр.
Бензин бағасы соңғы уақытта біршама тұрақты болды. АИ-92 168-175 теңгеден сатылған. Алайда қазан айының орта тұсында оның да бағасы шарықтап кетті. Мысалы: Helios 20 қазан мен 1 қараша аралығында сұранысы жоғары жанармайдың бағасын үш рет ауыстырды (173-174-ке, кейін 177 және 178 теңге).
Қазір ірі желіге тиесілі май құю бекетінде АИ-92-нің бір литрі 178 теңгеден сатылып жатыр. «Газпром» ғана бензинді 179 теңгеден сатып жатыр. 92-мен бірге АИ-95-тің де қымбаттағаны анық. Оның құны 205-214 теңге аралығында сатылуда.
Бұған дейін авиакеросин тапшылығынан әуежайда жанармай құю уақытша тоқтатылғанын жазған болатынбыз.
Источник: aikyn.kz/
Оставить комментарий