ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Тұрғындардың дені жанар-жағармай бағасы өссе, азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек және өзге де қызметтердің бағасы шарықтайды деген пікірде. Мұндай пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын отандық сарапшы Ерлан Жаукин анықтауға тырысты.

Алдымен ресми статистиканың мәліметтеріне көз жүгіртіп көрелік — Ұлттық статистика бюросы ұсынған 2018-2021 жылдардағы Қазақстандағы инфляция индексі мен Argusmedia агенттігі ұсынған жанар-жағармай құю станцияларындағы АИ-92 бензині, әрі дизель отыны бойынша бөлшек сауда бағасының орташа жылдық өзгеруі. Еліміздің мемлекеттік органдары ресми ақпарат көзі ретінде мойындаған Argusmedia агенттігі бұл ақпаратты апта сайын жариялап отырады.

ҚР инфляция индексіАи-92 бензин бағасының өзгеруі. Дизель отыны бағасының өзгеруі

2018201920202021
ҚР инфляция индексі105,43%104,9%107,5%108,7%
Аи-92 бензин бағасының өзгеруі107,5%94,9%102,1%107,6%
Дизель отыны бағасының өзгеруі126,8%108,5%97,3%101,8%

Бұл деректерге сенсек, 2018 жылдың өзінде ғана Қазақстанда жанар-жағармай бағасының өсімі инфляция индексінен асып түсті. 2019-2020 жылдары бөлшек сауда нарығында, тіпті жанар-жағармай бағасының төмендеуі байқалды. Ал 2021 жылғы жағдайға қатысты қандай да пікір айту әзірге мүмкін емес. Себебі, тек өткен 7-8 айдың ғана мәліметі қолжетімді болып отыр.

ДЕСЕ ДЕ, АТАП ӨТЕТІН ҚАНДАЙ ЖАЙТТАР БАР?

2018 жыл


дизель бағасы 2017 жылмен салыстырғанда 26,8% өскен. Инфляция индексі аталмыш жылда 5,43%-ды құрап отыр.
2019 жыл


дизель бағасы 8,5% көтерілсе, бензин 5,1%-ға төмендеген. Инфляция индексі – 4,9%.

2020 жыл


дизель бағасы 2,7%-ға төмендеді, бензин 2,1%-ға өсті. Инфляция индексі тұрақты түрде 7,5%-ға дейін өсуде.“Жанар-жағармай бағасы инфляция индексі мен тұтыну бағаларының индексіне әсер ететіні, сөзсіз. Десе де, менің ойымша, бұл өзгерістердің әсері айтарлықтай әсіреленген және мұны тауарлар мен қызметтерге бағаны көтеру немесе алыпсатарлық мақсаттарды жүзеге асыру кезінде пайдалану жағдайлары жиі кездеседі

Ерлан Жаукин


Ақпарат көзі: special.nur.kz

Оставить комментарий

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *