Сарапшы: сұраныс пен баға қабыспайды

2022 жылдың жазында әлемдік мұнай баррелі 120 долларға жетуі мүмкін.

Bank of America сарапшылары осылай болжайды. Ал қазақстандық зерттеу орталығы елдегі макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта сараптап, жыл соңына қарай қара алтын баррелі 68,6 долларға бағаланады дейді. Мұнай-газ саласындағы сарапшылар да қазіргі бағаның негізсіз өсіп жатқанын алға тартып отыр.

Әлемдегі мұнай баррелі шамамен 60 доллардың айналысында болуы тиіс. Мұнай-газ саласы бойынша сарапшы Олжас Байдильдинов осылай дейді. Оның сөзінше, жаһан халқы қара алтынды пандемияға дейінгі кезеңнен 6-7 процентке аз қолданады. Қазіргі сұраныс тәулігіне 100 млн баррельге жетті. Бірақ түрлі фактор мұнайдың қымбаттауына әкеп соғуда. Сарапшы бағаның өсуі әлемдік экономиканың гүлденіп жатқанын әсте білдірмейтінін айтады. Өйткені мұнай бойынша келісімдер ұзақ мерзімге жасалады. Өндіріс те бір күндік шаруа емес. Яғни сатылым шарт мерзімі өткенше бұрынғы бағамен рәсімделе береді.

Ал еліміз 2019 жылға қарағанда мұнайды 5%-ке аз өндіреді. Осы ретте елдегі зерттеу орталықтары макроэкономикалық көрсеткішке қайта шолу жасаған. Олардың болжамынша, биыл 86 млн тонна қара алтын өндіріледі екен. Келесі жылға жоспар жарты млн тоннаға артық. Ал баға 66 доллар шамасында болады. Олжас Байдильдинов те әлемдік сарапшылардың болжамымен келіспейді.

Олжас Байділдинов, мұнай-газ бойынша сарапшы: – Мұнай баррелін 100 доллардан асыру дұрыс емес. Оған негіз жоқ. Себебі өндіріс қарқыны бәрібір бұрынғыдай болмайды. Десе де ұйымының әрекеті және сыртқы әсерлер бағаны түсірмесі анық. 4 қарашада өтетін кезекті отырысында Қазақстан мұнай өндірісін арттыру жөнінде ұсыныс айтады. Бастысы, инвесторлар мемлекеттің қолдауына көріп отыр. Бұл өте маңызды.  

ӘЛЕМДЕ ҚАНТ ӨНДІРІСІ АЗАЙЫП ЖАТЫР

Әлемдегі ірі қант өндірушілері бағытын өзгертті. Жаһандық энергия тапшылығы оларға тәтті өнімнен гөрі, қант қамысынан автокөлікке арналған этанол өндіру тиімді екенін көрсеткендей. Сөйтіп баға 4 жылдағы жоғарғы көрсеткіштен де асып түскен. Жыл басынан бері тәтті өнім 22 процентке қымбаттады. Мамандар қарқынды өсімді тамызда байқады. Бұған Бразилиядағы қолайсыз күн райы мен отынның қымбаттауы себеп. Белді қант экспорттаушылардың бірі Үндістан да алдағы екі жылда экспортты 2 есе азайтпақ. Есесіне этанол өндірісін арттыруды көздеп отыр. Бұл жағдай біздің елге тиімді емес. Өйткені қант қызылшасы биыл 30 процентке аз өндірілді. Құзырлы қауымдастық президенті Айжан Наурызғалиеваның айтуынша, ішкі нарықты толық қамту үшін 500 мың тонна қант керек. Бізде былтыр 145 мың тоннасы өндірілген. Қалғанын Ресей мен Беларусьтен алдық. 4 отандық зауыт межелі қуатта жұмыс істейтін болса, импортқа тәуелділік азаяр еді. Тек шикізат тапшы. Жылдан жылға алқаптарды суаратын су азайып жатыр.

Айжан Наурызғалиева, Қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті: – Су тапшы. Соның салдарынан қант қызылшасы алқаптарына жоспардан аз дақыл егіледі. Мысалы, 2019 жылы 21 мың гектар межеленгенімен 15 мыңы ғана отырғызылған. Былтыр 14 мың гектары жыртылды. Биылғы көрсеткіш беймәлім. Жамбыл облысындағы шаруалар алқаптарын арттырып жатыр. Алматы облысындағы жағдай қиындау. Ауа райы қатты құбылды. Бізге қант қамысы тасымалын арттыру керек. 15 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында ЕАЭО аумағында тәтті қамыс тасымалына салықсыз квота берілген болатын. Оның уақыты аяқталды.

ЕУРОПАДАҒЫ ГАЗ ҚАЗАҚСТАННАН 20 ЕСЕ ҚЫМБАТ

Жаһандағы энергетикалық дағдарыс түйіні шешілмей тұр. Әлемде мұнай мен газ құны шарықтап кетті. Бұл өз алдына өндіріске оң ықпалын тигізді. Еуропамен салыстырғанда біздің елдегі көгілдір отын 20 есе арзан. Мұнай-газ бойынша сарапшы Олжас Байдильдиновтің айтуынша, әлем елдері жаңартылатын энергия көздеріне қатты сеніп қалды. Бірақ желдің қуаты бұрынғыдай емес. Мысалы Германияда оның үлесі 15 проценттен 5 процентке түсіп кеткен. Салдарынан елде энергетикалық кедейлік термині пайда болды. Қазір қарапайым халық жылуға зәру. Сарапшы бұл тұрғыда біздің елдегі жағдай тұрақты екенін айтады. Осы категория бойынша: « Нұр-Сұлтанда жалдау құны арзан үйлерге өтініш қабылдау басталды Қазақстанда кәсіпорындарға шикізат жағынан қолдау қажет »

Источник: 24.kz

Оставить комментарий

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *